02.10.2023, 09:40
Оқиғалар
Павлодарда студентті соққыға жыққан колледж оқытушысының үстінен іс қозғалды
Оқиға 29 қыркүйек күні болған
видеодан скриншот
Павлодар полициясы студентке сабақ үстінде қол көтерген колледж оқытушысының үстінен іс қозғады, хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«29 қыркүйекте энергиямен қамту сабағында мұғалімнің тақырып түсіндіру барысында оқушыны тұрғызып, тоқ күшін түсіндірем деп, соққыға жыққаны анықталды. 55 жастағы оқытушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық полиция бөлімінен.
Барлық іс материалдары сотқа жіберілді.
Бұдан бөлек, колледж басшысына қатысты материал кәмелетке толмағанға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерді полицияға хабарламағаны үшін білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік департамент - уәкілетті органға жіберілді.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты