27.09.2023, 15:24
Оқиғалар
Павлодар - Астана автожолында жолаушылар автобусы жанып кетті
Автобуста жолаушылар болмаған
Фото: Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен
Павлодар - Астана автожолында жолаушылар автобусы отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10:50-де Павлодар - Астана автожолында Қалқаман кентінің маңында жолаушылар автобусы жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына жеке құрамнан үш адам және № 13 өрт сөндіру бөлімінен бір техника шықты. Жану аумағы 24 шаршы метрді құрады», – деді департаментте.
Автобуста жолаушылар болмаған, жүргізуші зардап шеккен жоқ.
Өрт сағат 11-07-де оқшауланып, сағат 11-14-де толық сөндірілді.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды