Toyota Еуропа мен Түркиядағы зауыттарының жұмысын тоқтатады

Автор: Azattyq Rýhy

Өндіріс 19 сәуірге дейін жұмыс істемейді

Жапонияның Toyota Motor корпорациясы дүйсенбіде коронавирустың таралуына қарсы күресу үшін Еуропа елдері мен Түркиядағы зауыттарын уақытша тоқтатыны туралы хабарлады, деп жазады «Интерфакс-Қазақстан».

«Еуропаның бес еліндегі, соның ішінде Франция мен Ұлыбританиядағы, сондай-ақ Түркиядағы автомобиль зауыттары  19 сәуірге дейін жұмыс істемейді. Сонымен қатар, автомобиль өндірушісі Ресейде өндірісті 3 сәуірге дейін тоқтатты», - делінген ақпаратта.

Бұған дейін компания Солтүстік Америкада жұмысын тоқтатты, сонымен қатар Жапония, Оңтүстік Америка және кейбір Азия елдеріндегі зауыттарды уақытша жапты.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Toyota компаниясының өкілі дүйсенбіде Қытайдағы барлық зауыттар жұмысы қалпына келеді деп мәлімдеді.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирусты 720 мыңнан  астам адам жұқтырып, 34 мыңға жуығы қайтыс болды. 150 мыңнан астамы сауығып кетті.