$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында орманшылар қарағайлы орманды отады деген күдікке ілікті

Полиция мен прокуратура бірлесіп «Ертіс орманы» резерваты аумағында арнайы операция жүргізді

Павлодар облысында орманшылар қарағайлы орманды отады деген күдікке ілікті
Фото: freepik

Павлодар облысында орманшылар қарағайлы орманды отады деген күдікке ілікті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Мемлекеттік мекеменің бас кеңсесі мен Шалдай және Бесқарағай орман шаруашылығы басшыларының үйлерінде 20-ға жуық санкцияланған тінту жасалды. Ресми дерекке қарағанда, қарағайды шабуға рұқсат беретін есеп-фактурасы, сатуға дайындап қойған ағаш және атыс қаруы, оқ-дәрі және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген. Алдын-ала мәліметке қарағанда, заңсыз ағаш кесуге «Ертіс орманы» республикалық мемлекеттік мекемесінің бірнеше лауазымды тұлғаларының қатысы бар көрінеді, деп жазады qazaqstan.tv

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ерекше қорғалатын «Ертіс орманы» аумағында соңғы 10 жылдан бері ағаш дайындауға тыйым салынған. Тіпті, санитарлық тазалау жұмыстарына рұқсат берілмейді.

Серіктес жаңалықтары