26.09.2023, 08:23
Оқиғалар
Атырау облысында малшы иен даладан зымыран снарядын тауып алған
Оқиға орны қоршауға алынды
Фото: atpress.kz
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылынан үш шақырым жерде қой бағып жүрген малшы зымыран снарядының корпусын таупы алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ATPress жазуынша, оқиға 24 қыркүйекте сағат 14:35 шамасында Сүйіндік ауылынан 3 шақырым жерде болған.
Оқиға орнына құзырлы орган өкілдері барып, аумақты қоршауға алған. Қазіргі кезде зымыранның атауы мен техникалық сипаттамалары әлі анықталып тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына Атыраудан облыстық полиция департаментіне қарасты «Арлан» арнайы жасағының саперлері аттанды.
Сүйіндік ауылдық округінің әкімі Данияр Сабировтың айтуынша, оқиға туралы барлық құзырлы органға хабарланған.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді