Алматы облысында мектеп автобусы батпаққа батып қалды
Оқиға болған ауылда жолды асфальттау әзірге жоспарда жоқ
Алматы облысында мектептің автобусы оқушылармен бірге батпаққа батып қалды. Өйткені Панфилов ауылдық округініне қарасты ауылдардың көшелерінде асафльт жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мектеп автобусының батпақтан шыға алмай жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Әкімдіктің хабарлауынша, оқиға болған көшеге тек қиыршық тас төселеді, асфальт салынбайды.
«Талғар ауданының ТКШ, автожолдар, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ ақпаратына сәйкес, 2023 жылғы 20 қыркүйекте Қызылту ауылының Көкжиек көшесінде (гравийное көшесінің негізі) су құбырын тарту жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты мектеп автобусы осы көшеде жүре алмай қалды. Қазіргі уақытта жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін балласт пен құм-қиыршықты тас қоспасын құю жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселе аудан әкімдігінің бақылауында», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.