22.09.2023, 09:19
Оқиғалар
Астанада кісі өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды
Ол 2019 жылдан бері Астанада жасырынып келген
Фото: freepik.com
Астана полициясы төрт жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады. Ол кісі өлтірді деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ер адам 2019 жылдан бері Астанада жасырынып келген. Ол Өзбекстанда ауыр қылмыс жасады деген айыптан кейін бірден осында келген.
«Іздеу» рейдінің барысында полиция қызметкерлері 31 жастағы қашқынды тауып, Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамады. Алдағы уақытта оны экстрадициялау мәселесі қаралады, дейді полицейлер.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады