Көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған
Алматы – Өскемен тас жолында ШҚО азаматы жол апатынан ажал құшты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы – Өскемен тас жолының 593-шақырымында адам өліміне әкелген тағы бір жол апаты болды. Шығыс Қазақстан облысының 32 жастағы азаматы Volkswagen Polo автокөлігінің рөлін басқара алмай, оның аударылып кету салдарынан мерт болды.