Павлодарда мас күйде көлік айдаған мектеп директоры қамауға алынды

Azattyq Rýhy

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Павлодарда мас күйде көлік айдаған мектеп директоры қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында мас күйде көлік рөліне отырған ауылдық орта мектептің директорына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылдың 15 қыркүйегінде азамат У. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушы алкогольдік ішімдік тұтынбағандығын айтып, кінәсін мойындамады. Ал сотта жүргізушінің уәждері сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен, лауазымды тұлғаның түсініктемесімен және бейнежазбамен жоққа шығарылды.

«Сот қаулысымен ол құқық бұзушылық жасауда ҚР ӘКБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырумен 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға тартылды», - делінген Павлодар қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.