Ұшақ апатының нақты себептері әлі айтылған жоқ
Бразилияның солтүстігіндегі ұшақ апаты 14 адамның өмірін қиды. Бұл туралы CNN Brasil Амазонас штатындағы Барселос муниципалитетінің билігіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Embraer bandeirante ұшағы жаңбыр жауып тұрғанда қонып, сол сәтте құлаған. Бортта 12 жолаушы мен екі экипаж мүшесі болды, олардың бәрі қаза тапты.
Опат болғандардың арасында шетелдік азаматтардың бар-жоғы әлі анықталмады.
Ұшақ апатының нақты себептері де әлі айтылған жоқ.