БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 бала мен екі ересек адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 17 қыркүйекте Теректі ауданында болған
Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полция мәліметінше, қайғылы оқиға 17 қыркүйекте сағат 19:30 шамасында Теректі ауданы Бекей кентінің жанында Самара – Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында болған.
«Ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. ЖКО салдарынан 6 адам қаза тапты. Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5 және 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті», - деді патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Шыңғыс Бірманов.
Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.