Түркияда қаза тапқан отбасы мүшелерінің денесі елге жеткізілді – СІМ

Автор: Аягөз Құрмаш

СІМ тасымалдау бойынша түркиялық компаниялармен келіскен

Фото: Azattyq Ruhy

ҚР Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров дәстүрлі брифингте Аланьяда қаза тапқан отбасы мүшелерінің денесі елге жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанға отбасы мүшелерінің денелері жеткізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Екі көлік жүргізушісіне қатысты тексеріс жүреді. Жергілікті түркиялық компанияларымен келіссөздер жүргізіп, бағасы бойынша келістік. Біздің консул түркиялық құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста отыр», - деді Смадияров.

Ол туристердің шетелде демалуындағы қауіпсіздігіне азаматтардың өздері жауапты екенін айтты.

Еске салсақ, Түркияда қазақстандық отбасы мүшелері қаза тапқан еді. Жол апатынан анасы мен қызы, кейін ауруханада күйеуі де көз жұмды. Отбасының тек 9 жастағы ұлы ғана тірі қалды.