Ақмола облысында жоғары сынып оқушылары бесінші сыныптың баласын зорлады деп айыпталды
Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр

Ақмола облысында оқушылар бесінші сыныптың баласын зорлады деп айыпталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Жоғары сынып оқушылары 5-сынып оқушысына жыныстық зорлық жасады деген айыппен әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты Ақмола облысының Полиция департаменті түсініктеме берді. Ақпаратқа сәйкес, қылмыс өткен жылы болған. Сонымен бірге айыпталушылардың бірі мектеп мұғалімінің ұлы екен. Ақмола облысының ПД кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Бұл оқиға, жәбірленуші тараптың мәлімдемесіне сәйкес, 2022 жылдың маусым айында болған. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - деп атап өтті Департаментте.