11.09.2023, 10:09
Оқиғалар
Қызылорда облысында екі кішкентай бала газдан уланып көз жұмды
Қайғылы оқиға бүгін таңертең Шиелі ауданында болған
Фото ашық дереккөзден
Қызылорда облысында жеке үйлердің бірінде екі бала газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметіммәлім еткендей, қайғылы оқиға 11 қыркүйекте сағат 7:15-те Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі жеке тұрғын үйде болған.
«Н. Бекежанов көшесіндегі жеке тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша табиғи газдан уланып, 2017 және 2020 жылдары туған екі бала қаза болды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамнан 1 қызметкер барды», - делінген хабарламада.
ТЖД өкілдері газ пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды