08.09.2023, 07:39
Оқиғалар
«Алматы-Өскемен» тасжолында жол белгісін салып жатқан жұмысшыны көлік қағып, мерт қылды
Көлік апаты бойынша қажетті сараптама тағайындалған
Фото: Жетісу облыстық ПД
«Алматы-Өскемен» тасжолының 410-шақырымында «Toyota Camry» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы Жетісу облыстық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол ұйымының қызметкері жол-көлік оқиғасы кезінде жол белгілерін салып жатқан. Соққыдан ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Көлік апаты бойынша қажетті сараптама тағайындалған, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
«Құрметті жүргізушілер, көлік жүргізу кезінде өте сақ және мұқият болуларыңызды сұраймыз. Облыс полицейлері баршаңызды жол ережесін сақтауға және жылдамдық режимін шектен тыс асырмауға шақырады», - деп ескертеді полиция.
Көп оқылған
06.07.2026, 12:45
Ертіс жағасында жоғалып кеткен бойжеткен дронның көмегімен табылды
06.07.2026, 14:15
Көлсайда 16 жастағы қызды жылан шағып алды
06.07.2026, 06:26
Норвегия сенсация жасап, Бразилияны әлем чемпионатынан шығарды
06.07.2026, 10:31
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады
06.07.2026, 07:27
Қазақстанда 6 шілдеде аптап ыстық сақталады
06.07.2026, 08:10
Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады