$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.09.2023, 05:38
Оқиғалар

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде атыс болып, 2 адам жараланды

Қазіргі уақытта күдіктілердің бірі қамауға алынды

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде атыс болып, 2 адам жараланды
Фото ашық дереккөзден

Алматыдағы әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысындағы «Сансет» мейрамханасында түнгі сағат 00:30 шамасында атыс болды. Куәгерлердің айтуынша, бетперде киген 4 адам келіп, Макаров тапаншасынан оқ жаудырған. Біреуі асқазанынан, екіншісі аяғынан жараланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер бұл деректі Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция бөлімі тіркеп, тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

«Қылмыс орнына қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел-тергеу тобы барды. Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - деп жазды ІІМ-нен.

Ондағы ақпаратқа қарағанда, күдіктілердің бірі қамауға алынды. Қалған қатысушылар анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.

Серіктес жаңалықтары