Таиландта қаза тапқан 18 жастағы азамат блогер болған

Оның ата-анасы мәйіттің баласы екенін таныған

Таиландта қаза тапқан 18 жастағы азамат блогер болған
Фото: thephuketnews.com/Eakkapop Thongtub

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландта қаза тапқан 18 жастағы қазақстандық жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«1 қыркүйекте Қазақстанның Таиландтағы елшілігіне Пхукет аралында Қазақстанның азаматы суға батып кетті деген ақпарат келіп түсті. Ол ақпаратты тексеру үшін біздің консул жергілікті полиция қызметкерлерімен байланысты. Екі күн іздестіру жұмыстары жүргізілген. Үшінші күні азаматтың денесі судан шығарылды. Екі күн суда болғаннан кейін денені тану қиын. Әке-шешесі полицияға барып, мәйіттің баласы екенін таныды», - деді ол.

Ол атағандай, азамат бірнеше ай Таиландта болған.

«Ол 15 жасынан шетел аралап жүрген блогер бала. Оның отбасына қажетті көмек көрсетіледі. Сол жақтағы әріптестеріміз отбасының жанында»,- деді Смадияров.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.