Жеке ұшақ пайдаланған елордалық сот төрағасына қатысты тексеріс жүргізіледі
Қазіргі уақытта Тілектес Бәрпібаев коронавирустан емделіп жатыр
Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздігімен бірлесе Нұр-Сұлтан қалалық сот төрағасына қатысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Тексеріс барысында қалалық сот төрағасы Тілектес Бәрпібаевқа туысы (құдасы) болып келетін бизнесменнің Германияда медициналық операция жүргізу үшін ұшағын сақтандырғаны анықталды», - делінген ведомство хабарламасында.
Сот этикасын сақтау мәселелерін Жоғарғы сот комиссиясы тексеріп жатыр, тексеріс нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданбақ.
Еске салсақ, Германиядағы қазақстандық дипломаттың әкесінен коронавирус инфекциясы табылған болатын. Бұл уақытта Нұр-Сұлтан қалалық сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев еңбек демалысында болған. Қазір ол коронавирусқа қарсы емделіп жатыр.