Алматыда белгісіз жағдайда жоғалып кеткен Шымкент тұрғынының денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Шымкенттен Алматыға пойызбен келген

Фото: instagram/_volontery_shymkent_lider.kz

Алматыға пойызбен кекетіп, кейін хабар-ошарсыз кеткен Шымкент тұрғыны Дмитрий Малиновскийдің денесі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін хабарланғандай, 1977 жылы туған ер адам 13 тамызда кешке Алматыға пойызбен кеткен. Ол Алматыға 14 тамызда сағат 15:30-да келген. Содан бері ер адамнан еш хабар болмаған.

Ал 1 қыркүйекте жоғалған адамның мәйіті табылды.