02.09.2023, 16:19
Оқиғалар
Атырау облысында жол апатынан 1 адам қайтыс болып, 6-ауы ауруханаға жеткізілді
Жол апаты Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолында болған
Фото ашық дереккөзден
Атырау облысында жол апатынан бір адам мерт болып, алтауы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 1 қыркүйекте болған.
«Жергілікті уақытпен сағат 16:30 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 48-шақырымы тұсында Toyotа Camry мен Lada Priora автокөлігі соқтығысты. Жол апатының салдарынан Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ал, Тoyota Camry автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Lada Priora көлігінің бір жолаушысы Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
18.10.2026, 13:06
Алматыда интимдік қызмет ұсынған қыз клиентін соққыға жыққан
18.10.2026, 20:04
Қазақстандықтар телефондағы eGov Mobil-дің жаңа калькуляторы арқылы әл-ауқатын өздері анықтай алады
18.10.2026, 11:05
Абай облысында полиция жоғалған 7 жасар баланы іздеп тапты
18.10.2026, 12:40
Елордада Қарағанды облысының креативті жәрмеңкесі ашылды
18.10.2026, 06:26
«Макрон, басыңды шабамыз»: Францияда жаппай наразылықтар жалғасып жатыр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды