27.03.2020, 00:12
Оқиғалар
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 113 адамға жетті
27 наурыз, сағат 00:00 жағдай
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Жамбыл облысында тiркелді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам жалпы 113 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.
Бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимін күшейтті. Еске салсақ, бүгін Нұр-Сұлтанда індеттен 64 жастағы әйел адам көз жұмды.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді