$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.03.2020, 23:01
Оқиғалар

Тоқаев коронавирустан қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айты

Марқұм 64  жаста болған

Тоқаев коронавирустан қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жұқпалы індеттен қайтыс болған әйелдің отбасына көңіл айтып, өзінің. Twitter-парақшасында жазба қалдырды.

«64 жастағы әйелдің қайтыс болуы вирустың қауіптілігін және карантинді сақтаудың ерекше маңыздылығын көрсетеді. Мен туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Астанада және Алматыда карантиндік шараларды күшейту, сондай-ақ Шымкентте шектеу енгізу туралы шешім қабылданды», - деп жазды ол

Ал, Денсаулық сақтау министрлігі марқұмның неден қайтыс болғанын хабарлады. 

«Екі жақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі, қант диабеті, гипертониялық ауру және атеросклероз аясындағы сепсис. Пневмонияның себебі – коронавирус», - делінген ресми ақпаратта.

Пациент Ақмола облысынан, тұрғылықты жері бойынша Нұр-сұлтан қаласында орналасқан облыстық ауруханада жатқан.

«Бұл географиялық жағынан Нұр-Сұлтан қаласы, тіркеу жағдай бойынша осы өңір. Біз сондай-ақ, осы жағдайды Ақмола облысына жатқызып, біздің медициналық статистикаға сәйкес келтіреміз. Осыған байланысты, ертең брифингте қосымша түсініктемелер беріледі», - деп хабарлайды министрлік.

Серіктес жаңалықтары