26 наурыз сағат 22:20 жағдай
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Жамбыл облысында тiркелді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 61 адам, Алматы қаласында – 40, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 112 науқас тіркелді», - делінген аталған хабарламада.
Бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимін күшейтті. Еске салсақ, бүгін Нұр-Сұлтанда індеттен 64 жастағы әйел адам көз жұмды.