Алматыда екі көліктің үстіне үлкен ағаш құлады

Автор: Azattyq Rýhy

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ

Фото: instagram.com/kris_p_almata

Алматыда екі көліктің үстіне үлкен ағаш құлады. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 24 тамызда сағат 13:05-те оқиға орнында болған адамдардан Алмалы ауданында Әди Шәріпов көшесінің бойында 120 үйдің жанында Kia Rio, Chevrolet Cobalt маркалы екі автокөлікке ағаш құлағаны туралы хабар келіп түскен.

«Оқиға орнына тазарту жұмыстарын жүргізу үшін Алматы қаласы әкімдігінің 109 құтқару қызметінің жұмысшылары жіберілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.