Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
25 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында жедел іздестіру шаралары нәтижесінде деструктивті діни ағым ұстанушысын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
«Ол «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы тәркіленді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.