ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 76 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

Алматыда қырылып қалған көгершіндер уланған болуы мүмкін – комиссия

Құстардың неден өлгенін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды 

Алматыдағы Панфиловшылар саябағында қырылып қалған көгершіндерге қатысты арнайы комиссиясының шешімі шықты. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірде Алматы облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының ұйымдастыруымен арнайы комиссия құрылды.

«Комиссия мүшелері бұған дейін мұз айдыны орналасқан 100 шаршы шақырым жерде  жансыз жатқан 30-ға жуық құстың өлі денесін тапқан. Алдын ала болжам бойынша олар уланып өлген болуы мүмкін. Мамандар сараптама жүргізіп, мәселенің мән-жайын анықтау үшін өлген көгершіндерден сынама алды. Нақты шешім сараптама қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, карантинге байланысты Алматы қаласында барлық саябақтар жабылды. Соңғы күндері қалада індетке қарсы жаппай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген.