Таразда сейфтен 19 миллион теңгенің ұрланғаны анықталды

Azattyq Rýhy

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Таразда сейфтен 19 миллион теңгенің ұрланғаны анықталды

Тараз қалалық Полиция басқармасының 1-ші полиция бөліміне жергілікті ұйымның қызметкері шағымданған. Айтуынша, ұры сейфтен 19 млн теңгені алып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол белгісіз адамның кілттерді таңдау арқылы қалалық базарлардың бірінде орналасқан компанияның аумағына заңсыз кіріп, сейфтен 19 миллион теңгеге жуық ақшаны  ұрлап кеткендігі туралы хабарлады.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қарағанды облысының Балқаш қаласында қылмыс жасады деген күдікпен Меркі ауданының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Ақшалай қаражат түріндегі заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта істің егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.