$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.08.2023, 23:33
Оқиғалар

Талдықорғанда 28 жастағы ер адам зейнеткерді пышақтап тастаған

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Талдықорғанда 28 жастағы ер адам зейнеткерді пышақтап тастаған
Фото ашық дереккөзден

Талдықорғандық жігіт зейнеткерге пышақ ала жүгірген. 28 жастағы күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

21 тамызда 64 жастағы ер адам көпсалалы қалалық ауруханаға пышақ жарақатымен түскен. Жараланған азамат жеке меншік секторынан ауруханаға жеткізілгендігі белгілі болды. Жәбірленуші масаңдау халде болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қалалық полицияның жедел уәкілдері пышақ ала жүгірген күдіктіні анықтап, ұстады.

«Күдікті 28 жастағы ер адам болып шықты, ол өтіп бара жатқан адаммен ұрыс-керіс бастап, ерегістің соңы төбелеске ұласып, тіпті пышақтауға дейін барған. Яғни, екеуі бірін-бірі танымайды, тек бірі екіншісіне ескерту ғана жасаған», – деді Талдықорған қалалық ПБ.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабына (Бұзақылық) сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Серіктес жаңалықтары