Түркістан облысында Сырдария суына түскен 11 адам батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖД күш-құралдары әзірге судан 6 мәйітті шығарды

Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында Сырдария суына түскен 11 адам батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Отырар ауданында болған.

Сырдария өзеніндегі автокөлік көпірінің маңында 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кетті.

Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары әзірге судан 6 мәйітті шығарды.

Қазір олардың кім екені және жасы анықталып жатыр.

Бес адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

«Облыстық ТЖД жедел штаб құрып, қауырт желі жұмыс істеп тұр. Нөмірі: 8-7253-357881. Оқиға орнына 144 адам, 16 техника, 6 қайық және дрон жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар, полиция департаменттері, жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. Бұл - жедел ақпарат және өзгеруі мүмкін», - делінген хабарламада.