Ақтауда демалыс орнында ер адам мен 14 жастағы қыз суға батып кетті

Автор: Мира Байбек

Қайғылы оқиға жексенбі күні болған

Ақтауда бір-біріне жақын орналасөан екі екі демалыс орнында жасөспірім қыз бен көпбалалы әке суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Lada.kz жазуынша, қайғылы оқиға жексенбі, яғни 20 тамызда болған.

«Монтажник» демалыс орнында сағат 11.47-де 14 жастағы қыздың суға батып кеткен анықталды.

Екінші қайғылы оқиға жақын маңдағы «Бриз» демалыс орталығында болды. 36 жастағы ер адам сағат 18.00 шамасында суға батып кетті», - делінген жедел жәрдем хабарламасында.

Әоеуметтік желіде марқұмның бес баланың әкесі екені хабарланды.

Екі жағдайда да өлім дәрігерлер келгенге дейін болған.