$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.08.2023, 15:21
Оқиғалар

Петропавлда 5 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 24 адам эвакуацияланды

Оқиға орнында 3 бірлік техника және жеке құрамнан 9 адам жұмыс істеді

Петропавлда 5 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 24 адам эвакуацияланды
Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстанда өрт сөндірушілер 24 адамды эвакуациялап, құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 20 тамызда сағат 06.46-да 101 телефонына Петропавл қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 2 қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама түскен.

Сағат 6.53-те құтқарушылар жетіп, пәтердің балконынан қатты түтін шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде 1928 жылғы ер адам өрт орнынан құтқарылды, сондай-ақ баспалдақпен 23 адам эвакуацияланды.

Оқиға орнында 3 бірлік техника және жеке құрамнан 9 адам жұмыс істеді. Өрт сағат 7.04-те жойылды.

ТЖ министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады.

Серіктес жаңалықтары