18.08.2023, 10:44
Оқиғалар
Ақмола облысында ер адам кәріз құдығына құлап қайтыс болды
Ол түнгі уақытта туыстарының үйіне қонаққа келген кезде кәріз құдығына құлап кеткен
Фото ашық дереккөзден
Ақмола облысында ер адам кәріз құдығына құлап мерт болды, деп Azattyq Ruhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Шортанды ауданындағы ауылдардың бірінде болған.
«Жазатайым оқиға түнгі уақытта, жеке үйдің ауласында болды. Туыстарына қонаққа келген 66 жастағы ер адам кәріз құдығына құлаған. Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 05:27
Теміртау маңындағы тасжолда жарылған дөңгелек үш жол апатына себеп болды
23.11.2026, 08:17
Сүйінші: Маңғыстауда бір жыл бұрын үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел сәби сүйді
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
