16.08.2023, 16:25
Оқиғалар
Шымкентте жол апаты кезінде мотоцикл жүргізушісі мерт болды
Ол жеңіл көлікпен соқтығысқан
Бүгін, 16 тамыз түнгі сағат 03:00 шамасында Шымкенттегі Абай даңғылы бойында Opel vectra автокөлігі мен Yamaha мотоциклі соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Салдарынан 28 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ал Opel жүргізушісі мен 3 жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған жайтты Шымкент қалалық Полиция департаменті Анықтау басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Видео: polisia.kz
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды