Ол ел экономикасы құрдымға кетеді деп қорқақтап отыр
АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусқа қарамастан ел азаматтары жұмысқа қайта оралу керек деп санайды.
«Біз жұмысқа оралуымыз керек. Тұмауға байланысты мыңдаған адам өледі. Оған қатысты елде ешкім «қозғалыссыз» қалған емес. Тағы да көп адамдар авариядан қаза болады. Бұл ретте біз автоөндірушілерден машина жасауды тоқтатуды сұраймыз», - деді Трамп сейсенбі күні Fox News телеарнасының эфирінде сөйлеген сөзінде.
Трамп адамдар тұмаудан өледі, бірақ «ел терең рецессия немесе депрессияда болса, одан да көп адамдардан айырылуы мүмкін», - деп атап өтті. Трамптың айтуынша, АҚШ «жұмыссыз қалу үшін құрылған жоқ».
«Адамдар үйде немесе пәтерде жабық күйде отырғысы келмейді. Сіз білесіз бе, елді қалай құртуға болады. Жұмыс істемей! Елде үш апта бұрын ең үздік экономикалық көрсеткіштер болған, қазір күтпеген жерден бәрін тоқтатуға тура келді», - деді ол.
Бүгінде АҚШ-та барлығы 55 148 адам қауіпті індет жұқтырғаны расталды, 796 адам қайтыс болды, ал 349 адам сауығып кетті.