Махачкаладағы жарылыстан 25 адам қаза тауып, 60-тан астамы зардап шекті

Махачкаладағы жанармай бекетіндегі өрт сөндірілді

Махачкаладағы жарылыстан 25 адам қаза тауып, 60-тан астамы зардап шекті
Фото: ТАСС

Махачкаладағы (Ресей) жанармай құю бекетінде болған үлкен жарылыс салдарынан кем дегенде 25 адам қаза тапты, 66 адам зардап шекті, деп Azattyq Rýhy DW-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Дағыстан Денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандардың арасында үш бала бар екенін нақтылады. Бірнеше сағаттан кейін 600 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді, деп хабарлады Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖМ-дегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, Telegram-Shot арнасы жарылыс толқыны салдарынан жанып жатқан жанармай бекетіне қарауға келген және одан 50 метр радиуста болған адамдарды да шарпып өтті деп жазды. Telegram-mash арнасы жергілікті тұрғындарға сілтеме жасай отырып, жарылыс салдарынан адамдар мінген автобус толығымен өртеніп кетті деп мәлімдейді.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, зардап шеккендердің бір бөлігі басқа медициналық мекемелерге жеткізілген. ТЖМ Махачкалаға аса ауыр науқастарды Мәскеуге тасымалдау үшін арнайы борт жіберді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.