Шымкентте жасөспірім полиция көлігін тізгіндеген: қызметтік тергеу басталды
Автокөлікті полиция департаменті бөлімшелерінің бірінің басшысының туысы басқарғаны анықталды
Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында полицияның қызметтік көлігі бейнеленген видео анықталды. Рульді жас жігіт тізгіндеген. Автокөлікті полиция департаменті бөлімшелерінің бірінің басшысының туысы басқарғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаратау полиция бөлімінің қызметкерлері лауазымды тұлғаға қатысты ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша Шымкент қаласының полиция департаментінің жеке құрамы бойынша инспекция қызметтік тергеу жүргізуде, оның нәтижелері бойынша атқаратын лауазымынан шеттетілгенге дейін тәртіптік ықпал ету шаралары қабылданатын болады.