Алматы облысында баланың отпен ойнауы салдарынан тұрғын үй өртке орана жаздады

Автор: Azattyq Rýhy

Өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға 19 адам және 5 техника жұмылдырылды

Фото ашық дереккөзден

10 тамызда Алматы облысының Өтеген батыр ауылында көппәтерлі тұрғын үйдің дәретханасында қоқыс шелегі жанып, пәтер мен кіреберіс қатты түтіндеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт шығуына баланың отпен ойнауы себеп болған.

Өрт сөндірушілер есікті бұзып, пәтерге кіріп, құтқару қалпақшасының көмегімен балконда тұрған 2015 ж.т. қызды эвакуациялады.

Өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға 19 адам және 5 техника жұмылдырылды.