Найзағай соққан: Қарағандыда аялдамадан ер адамның мәйіті табылды

Azattyq Rýhy

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, ер адамды найзағай соққан

Найзағай соққан: Қарағандыда аялдамадан ер адамның мәйіті табылды
Фото ашық дереккөзден

Қарағандыда бүгін, 2023 жылы 10 тамызда кешке аялдамадан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланған.

«Бүгін кешке біздің блог оқырманы Қарағандыдағы «Көк тоған» аялдамасында ер адамды найзағай соғып, мерт қылғаны туралы хабарлады. Оқырман Майқұдық ықшам ауданының полицейлері марқұмның туыстарын іздестіріп жатқанын айтады. Жігіттің жанында телефоны болған, бірақ ол қосылмай қойыпты, өйткені найзағай смартфонға зақым келтірген. Біз барлық мәліметтерді анықтайтын боламыз», - делінген желідегі жазбада.

Облыстық полиция адам денесін табу фактісін растап, бірақ ер адамның өлімінің себебін атамады. 

«Көшеден ер адамның денесін табу фактісін полиция тіркеді. 1977 жылғы ер адамның жеке басы анықталды, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалдып, мән-жайлар анықталу үстінде», - деді ведомстводан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.