Қазіргі күні тергеу басталып, бірқатар сараптамалар жасалып жатыр
Қостанай облысында жоғалып кеткен ер адам өлі күйде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марқұмның мәйіті Қостанай облысы Федоров ауданы Костычевка ауылынан 6 шақырым жерде табылған.
«Ер адам үйінен 7 шілдеде шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ол азаматқа іздеу жарияланған болатын. Марқұмды саңырауқұлақ терушілер тауып алған. Қазіргі күні тергеу басталып, бірқатар сараптамалар жасалып жатыр», - делінген хабарламада.