Қапшағайда 21 жастағы қыз суға батып кетті
Ол рұқсат етілмеген жерде шомылған

Алматы облысында 2002 жылғы қыз суға түсуге рұқсат етілмеген жерде түнде шомылып жүріп батып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, қайғылы жағдай Қапшағай су қоймасында болды.
«Бір топ жас «Пионер» демалыс аймағының маңында суға түсуге арналмаған жерде демалған. Жастар мас күйінде суға түскен. Өз күшін асыра бағалаған бойжеткен тереңге дейін жүзіп барып, суға батып кетті», - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қауіпсіздік ережелерін бұзған 5 азамат «Әкімшілік жауапкершілік туралы» ҚР Кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылғанын айтты.
Мамандар ескертулер мен тыйым салу белгілері жерлерде суға түсуге, сондай-ақ жабдықталмаған, бейтаныс жерде суға түсуге қатаң тыйым салынатынын еске салды.