24 наурыз, сағат 12:00-дегі жағдай
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 68 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, коронавируспен күресу мақсатында елімізде 16 наурызда төтенше жағдай енгізілді. Ал, 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланды.