$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.08.2023, 14:58
Оқиғалар

Шымкентте дүкендерге шатыр арқылы кірген әккі ұры ұсталды

Сауда нүктелеріндегі ұрлық түнгі уақытта жасалған

Шымкентте дүкендерге шатыр арқылы кірген әккі ұры ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте дүкендерге шатыр арқылы кірген әккі ұры ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай АПБ-ға бірдей мазмұнды үш арыз түскен. Зардап шеккендер – Қайнар бұлақ саяжайының аумағында орналасқан дүкен иелері. Сауда нүктелеріндегі ұрлық түнгі уақытта жасалған. Барлық жағдайда күдікті ғимараттардың шатырын ашып, төбені бұзу арқылы ішке кірген.

Ұры екі дүкеннің кассасынан жалпы сомасы 130 мың теңге жымқырды. Ал үшінші кәсіпкерден смартфон, ақша және сөредегі алкогольдік сусындар мен темекі өнімдерін қолды еткен. Оған келтірілген шығын 1 млн теңгеден асты.

Аталған жайттарды ашуда бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады.

Ол бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған жергілікті тұрғын болып шықты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жас жігіт ұсталып, қамауға алынды. Оның тағы екі саяжай ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды.

Ол алғашында біреудің үйінің ауласынан велосипед ұрласа, кейін зейнеткердің үйінен ұялы телефоны мен киім-кешектерді жымқырған.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Алдағы уақытта іс-құжаттар барлық жиналған дәлелдемелермен сотқа жолданады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Шымкент #ұрлық