ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 271 адам індет жұқтырып, 4 адам көз жұмды

Қытайда COVID-19 жұқтырған науқастардың 90% астамы сауығып кетті

Соңғы тәулікте  ҚХР-да 456 науқас емделіп шықты

Қытайда коронавирусты жұқтырғандардың 90% - дан астамы сауығып кетті. Қазір ауруханаларда 4735 адам жатыр. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссиясы хабарлайды, деп жазады РБК.

«Олардың мәліметтеріне сәйкес, өткен тәулікте елде 78 жаңа жұқтыру оқиғасы және тек жеті өлім тіркелген (барлығы Хубэй провинциясында). Бұл ретте 456 науқас емделіп, медициналық мекемелерден шығарылды», - деп  мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Қытай аумағында барлығы 81 171 науқас тіркелген (оның ішінде 73 159 адам сауығып шықты). Құрбан болғандар саны 3277-ге жетті.

Хубэй провинциясын есептемегенде ҚХР бойынша індет басталғалы бері барлығы 13 370  науқас тіркелген, оның ішінде 117 өлім. Хубэй провинциясының өзінде 67 801 адам жұқтырғаны анықталды, 3160 адам қайтыс болды. Ел бойынша орташа алғанда коронавирустан өлім-жітім 4,03% - ды құрады.

19 наурызда Италия коронавирус құрбандарының саны бойынша Қытайдан басып озды. Ол кезде Италияда вирустан қайтыс болғандар саны 3405 адамға жетті, алайда Апеннин түбегінде ауырғандар саны ҚХР-ға қарағанда бірнеше есе аз болды. Ол  31,5 мың адам.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған