09.08.2023, 13:11
Оқиғалар
Жамбылда ер адам ауылдастарының 19 бас малын құмар ойынға салып жіберген
Айыпты азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото ашық дереккөзден
Жамбылда құмар ойынға құныққан азамат ауылдастарының 19 бас малын ойынға салып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Барымташылыққа барған 35 жастағы тұрғын әуелі жайылымда жүрген 6 бас ірі қараны ұрлайды. Ал он күннен кейін 13 жылқыны алдына салып айдап әкетеді. Қылқұрықтар ішінде бәйге аттары да бар, деп жазады qazaqstan.tv.
Асылтұқымды арғымақтардың әрқайсының құны 2 млн теңгеден асады. Күдіктінің ұрлыққа барғаны мал базарда әшкереленді. Ол өз кінәсін бірден мойындаған. Ол қолды қылған жылқы мен сиырдың ақысын 10 млн теңгеге бағаланған құнымен толық өтеп берген. Айыпты азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті