Жамбыл облысында жеті жасар баланы ит талады
Қазір бала жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды
Қаратау қаласында 7 жасар баланың беті мен аяғын ит қауып алды. Балаға шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, бала ес-түссіз жағдайда ауруханаға жеткізілген. тексеру кезінде оң жақ беті және екі аяғы жараланған, көп қан кеткені анықталды.
Қазір бала жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.
"Жағдайы тұрақты түрде жақсарып келеді. Хирургиялық бөлімде оған тиісті ем жасалып жатыр", - деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасынан.
Ведомствоның мәліметінше, балаға аудандық аурухананың психологтары көмек көрсетіп жатыр.
Бұған қоса құтырмаға қарсы екпе жасалып, антибиотиктер тағайындалған.