22 наурыз, сағат 23.50-дегі жағдай
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 25 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 60 науқас тіркелді», - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, коронавируспен күресу мақсатында елімізде 16 наурызда төтенше жағдай енгізілді. Ал, 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланды.