$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.03.2020, 17:09
Оқиғалар

Алматыда Covid-19 жұқтырған әйел Ыстамбұлдан келген науқаспен байланыста болған

Алматыда індет жұқтырғандар саны 23 адамға жетті

Алматыда Covid-19 жұқтырған әйел Ыстамбұлдан келген науқаспен байланыста болған

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

«Бүгін COVID-2019 жұқтырудың 23-ші оқиғасы анықталды. Бұл әйел 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген адаммен байланыста болған. Осыған байланысты ол қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында карантинде болған. Сонымен қатар, оның ЖРВИ-ға ұқсас симптомдары болды. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қанағаттанарлық», -деді ол.

Оқи отырыңыз: Ыстамбұлдан ұшып келген алматылық студент дәрігерлерге өзі барған

Қазіргі уақытта қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 20 науқас және 2 балмен коронавирус диагнозы расталған ана жатыр. Бүгінгі күні екі адамның жағдайы орташа ауыр, қалғандарының жағдайы бірқалыпты, қанағаттанарлық.

Жалпы 4 провизорлық госпитальда 631 азамат карантинде, 1243 адам үй карантинінде жатыр.Карантинде жатқан адамдардың температурасы қалыпты, сырқат белгісі байқалмайды.

Соңғы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 57 науқас тіркелді. 

Айта кетейік, Қазақстанда 16 наурыздан бастап коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған. Ал, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 19 наурызда карантин енгізілді. 

Серіктес жаңалықтары