Ақтөбеде коронавирус жұқтырған адамның қай жақтан келгені белгілі болды
Әйел адам кеше, 22 наурыз күні таңертең Мәскеуден ұшып келген
Бұл туралы тікелей эфирде Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлім етті.
«Қазіргі таңда Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясымен байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қазір біздің облысымызда бір науқастан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл науқас 22 наурыз күні шетелден келген. Бірден науқасты инфекциялық ауруханаға оқшауладық. Зертханалық тексеру нәтижесінде тұрғыннан коронавирустық инфикция анықталды. Науқастың жағдайы тұрақты. Бүкіл қажетті емдік шаралар жүріп жатыр. Осы науқаспен байланыста болған барлық тұрғындарды оқшауланды», - дейді ол.
Осылайша, коронавирус жұқтырған ақтөбелік азаматшамен бірге ұшып келген және байланыста болған 68 адам қазір изоляцияда. Журналистердің сұрағына жауап бере келе денсаулық сақтау басқармасының басшысы «коронавирус жұқтырғандардың саны көбейсе облыс карантинге жабылу мәселесін» қарастырады деп мәлім етті.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан