ШұғылCOVID-19 жұқтырған 16 науқас аса ауыр халде жатыр

Төтенше жағдай режимін бұзған төрт кафе иесі жауапқа тартылды

ТЖ режимін бұзғандарға10 АЕК  көлемінде айыппұл салынады 

Қызылордалық полицейлер төтенше жағдай режимін бұзған тағы төрт кафе иесін жауапқа тартты, – деп хабарлады Polisia.kz. Қазіргі кезде ел өміріндегі болып жатқан күрделі жағдайға байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген тәртібіне ауыстырылды.

«Түнгі рейдте облыс бойынша 303–ке жуық кафе-мейрамханаларына тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында төрт кафе иесі енгізілген төтенше жағдай режиміне қарамастан өз жұмысын жалғастырған. Екі дерек облыс орталығында анықталса, екі дерек Жаңақорған ауданында орын алды. Аталған мекемелердің әкімшілігіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476- бабымен «Төтенше жағдай режимін бұзу» әкімшілік хаттамалар толтырылды. Тиісті шара қолдану үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды.», - делінген ақпаратта.

Айта кету керек, ТЖ кезінде Ірі сауда нысандарына олардың жұмыс істеу уақыты бойынша 10.00-ден 18.00 – ге дейін, киім-кешек базарлары үшін 11.00-ден 17.00-ге дейін шектеу енгізілді. Дәмхана мен мейрамханаларға келушілердің саны 50 адамнан аспауы тиіс және қабылдау уақыты 22.00-ге дейін ғана жалғасады.

«Аталған шектеулерді орындамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша «Төтенше жағдай режимін бұзу» 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке қамау түрінде жаза көзделген. Билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін тәртіп бұзушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы бойынша 2000 АЕК көлемінде айыппұл немесе екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады»,- деп ескертеді полиция.

Осыған орай полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының іс- әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуге байланысты қажетті шектеулерге назар аударуды сұрайды. Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр.