22 наурыз, сағат 09.00-гі жағдай
Елордада COVID-19 вирусы тағы екі адамнан анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 56 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда 16 наурыздан бастап коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған. Ал, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 19 наурызда карантин енгізілді.